- Елбасының әр өңірде әлемдік деңгейдегі бір жоғарғы оқу орны болу керек деген тапсырмасына орай, біз университетті әлемдік деңгейге шығару жолында біршама қызметтер атқарудамыз, жаңа оқу бағдарламасын қабылдадық. Осының нәтижесінде бізге келіп түсетін студенттер саны бір жылдың ішінде үш есеге артты, ал шетелден келіп оқитындар саны 272-ден мыңға жетіп отыр, деді оқу орнының басшысы.
Айтуынша, «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана мәселесі оңтайлы шешімін тауып отыр.
- Бұл біздің жастарымыз үшін үлкен көмек, алдағы жылдары жатақханамен қамтуда біздің университетте қиыншылық болмайды деп сенемі. Қазір бізде тек мыңнан аса студент орналаса алатын жатақхана болса, үш жылдың ішінде бұл көрсеткішті 2500-ге жеткізу жоспарланып. Нақтырақ айтқанда, 3-б шағын ауданындағы жатақхананы қайта жасақтап, 300 орынға жеткізіп алдағы қыркүйекте ашуды көздеп отырмыз. Одан бөлек 32-шағын ауданнан ашылатын 500 орындық жатақхананың жобалық сметалық құжаттары дайын, құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. 2020-2021 жылы тағы бір 500 орындық жатақхана салынады, деді университет ректоры Берік Бақытжанұлы.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы